Ауғанстанда НАТО жауынгерлері қаза тапты

702

НАТО миссиясының жауынгерлері жаяу кезекшілікте жүргенде шабуылға ұшырады. Жанкешті содыр патрульдің қасында өзін-өзі жарып жіберген.

Ауғанстанда НАТО жауынгерлері қаза тапты

Ауғанстанның шығысыныда НАТО жауынгерлеріне шабуыл жасалды. 3 сарбаз қаза тауып, тағы үшеуі жараланған, деп хабарлайды 24.kz.

Қаза болғандар Чехия республикасының азаматтары. Ауғанстан ұлттық әскерінің екі жауынгері мен бір америкалық сарбаз жараланған.

Бұл  ПарвАн провинциясның әкімшілікі орталығы, ЧарикАр қаласының маңында болған оқиға. НАТО әскерінің патруліне шабуылды жанкешті лаңкес жасаған көрінеді.

Еске сала кетейік, жақында Чехия Ауғанстандағы жауынгерлерінің санын 230-дан 390 адамға дейін арттыру жоспарын қолдаған болатын. 2014 жылы НАТО бұл елдегі миссиясын аяқтағанын жариялаған еді. Алайда Ауғанстанда 16 мыңға жуық жауынгері әлі күнге дейін қызмет етіп жүр. Олар жергілікті әскер сарбаздарының дайындығы мен лаңкестікке қарсы операцияларға қолдау көрсетумен айналысады. Осыған қарамастан 40 жылға жуық уақыт бойы соғыстан көз ашпаған бұл елдің жағдайы мәз емес. Ауылды аймақтың біразын бақылайтын тліптер қозғалысы ірі қалаларды да жиі шабуылдайды. Осы лаңкестік әректтерден көбінесе бейбіт тұрғындар жапа шегеді. Сондай-ақ соңғы кезде елде "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" да ықпалы күшейіп келеді. 

"НАТО миссиясының жауынгерлері жаяу кезекшілікте жүргенде шабуылға ұшырады. Жанкешті содыр патрульдің қасында өзін-өзі жарып жіберген. Ауғанстан ұлттық әскерінің екі сарбазы да жараланды", - дейді , Парван провинциясы полициясының басшысы Мохаммад Махфуз Вализада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу