Ауғанстанда су тасқыны болып, 99 адам көз жұмды

170

Алдағы күндері тағы да жаңбыр жауады деп болжайды. 

Ауғанстанда су тасқыны болып, 99 адам көз жұмды Фото: AP Photo / Rahmat Gul

Ауғанстан аумағына жауған нөсер жаңбыр су тасқынына ұласып, салдарынан 99 адам қаза тапты. Соңғы тоғыз күнде тағы 154 адам жарақат алған. Бұл туралы жексенбі күні Табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқарма өкілі Юсуф Хаммад мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

26 наурызда басталған нөсер жаңбыр ауқымды су тасқындары мен көшкіндерге әкеліп, адам шығыны тіркелді, сондай-ақ айтарлықтай материалдық залалға себеп болған. Табиғи апат салдарынан ел бойынша 5 мың үй толық немесе ішінара қираған, 355 шақырым жол шайылып кеткен. Ал 14 405 акрдан астам ауыл шаруашылығы жері су астында қалған. Юсуф Хаммад табиғаттың тосын мінезінен 8532 отбасы зардап шеккенін айтады.

Ең қатты зардап шеккен аймақтарға құтқару және гуманитарлық көмек топтары жіберілген. Олар шұғыл көмекті тарату жұмыстарымен айналысып жатыр. Ел бойынша шығын көлемін бағалау жұмыстары әлі жүргізілуде.

Ауғанстанның метеорологиялық қызметінің болжамынша, алдағы күндері нөсер жаңбыр жалғасады. Елдің барлық 34 провинциясындағы шалғай және қауіп-қатері жоғары аймақтарда су тасқыны болуы мүмкін екені туралы ескертулер берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу