Ауғанстанда су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тапты

174

Жалпы 530 отбасы зардап шекті.

Ауғанстанда су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тапты Фото: Associated Press.

Соңғы тәулікте болған нөсер жаңбыр, су тасқыны, көшкін және найзағай салдарынан 17 адам көз жұмып, 26 адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ауғанстанның табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер саны әлі де артуы мүмкін. Елдің батыс, орталық және солтүстік-батыс бөліктеріндегі 34 провинцияның 13-і зардап шеккен", – деп жазады Associated Press.

Табиғи апат салдарынан 147 үй қирап, 80 шақырым жол жойылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы алқаптары, суару жүйелері мен кәсіпорындар зақымданған. 

Басқарма өкілі Юсуф Хаммадтың айтуынша, дүйсенбі, 30 наурыз күні тағы да жаңбыр жаууы мүмкін, бұл шығыс және орталық өңірлерде су тасқыны қаупін күшейтеді.

Тұрғындарға өзендер мен қауіпті аймақтардан аулақ болу ұсынылды, ал жергілікті билікке төтенше жағдайларға дайын болу тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу