Ауғанстанда зілзаладан қаза тапқандар саны 200-ден асты

594

Кеше Ауғанстанда 5,5 және 6,2 балдық екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауғанстанда зілзаладан қаза тапқандар саны 200-ден асты Фото: interfax.ru

Ауғанстанның Герат қаласында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 215-ке жетіп, жараланғандар саны 1000-нан асты.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша Ауғанстанның батысында орналасқан Герат қаласында 6,3, 5,5, 4,7, 6,3, 5,9, 4,6, 4,8 және 4,9 балдық жер сілкіністері сезілген.

Зілзала ошағы Гераттың Зинда-Жан ауданының орталығынан 29 және 35 шақырым қашықтықта болған. Жер асты дүмпулері 11,4 және 10 шақырым тереңдікке дейін жеткен. Талибан уақытша үкіметінің табиғи апаттарға жауапты министрлігінің баспасөз хатшысы таратқан мәлімдемеде зілзаладан 7 ауыл қатты зардап шеккен делінген.

Осы уақытқа дейін Герат мемлекеттік ауруханасына 500 жаралы жеткізілген. Қазір үйінді астында қалған тұрғындарды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Герат қаласының губернаторы Нұр Ахмед зілзаладан зардап шеккендер үшін халықаралық қауымдастықты шұғыл көмек көрсетуге шақырды.

Айта кетейік, өткен жылдың маусым айында Ауғанстанның Пактика қаласында 5,9 балдық жер сілкінісі болып, 1200-ге жуық адам қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу