Ауғанстанға күріш экспорты ұлғайды

188

Ауғанстан Қазақстаннан күрішті көптеп сатып ала бастады.  

Ауғанстанға күріш экспорты ұлғайды Фото: gov.kz

Жалпы биыл қаңтар-маусым аралығында елдегі кәсіпорындар 111 мың 600 тонна күрішті ақтап, саудаға шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты "24.KZ" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 26,5 пайызға артық. Оның 76 мың 300 тоннасы экспортқа шығарылды. Импорттаушылар қатарында Ауғанстанның үлесі 21 есе өсті. Ауған елі 17 мың тоннасын сатып алды.

Сондай-ақ Ресей мен Тәжікстанның әрқайсына 16 мың тоннадан аса, ал Өзбекстанға 7 мың тоннаға жуық күріш жөнелтілді. Алғашқы бестікке 4 мың тоннадан астам дақыл импорттаған Әзербайжан да енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу