Ауғанстаннан 200 адамнан тұратын делегация келді

567

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин хабарлады.

Ауғанстаннан 200 адамнан тұратын делегация келді Фото: twitter/Serik Zhumangarin

Ауғанстаннан Қазақстанға 200-ден астам адамнан тұратын делегация келді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ауғанстаннан келген делегацияны күтіп алдық. 200-ден астам адам", деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында.

Оның айтуынша, жуырда B2B келіссөздері, бизнес-форум, ауған тауарларының көрмесі сияқты ауқымды шаралар өтеді.

"Ауғанстан Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанмен ең көп сауда жасайды, ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеуетіміз бар", деді Серік Жұманғарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу