Әулиекөлде өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төленеді

421

"Күшіміз бірлікте" қорының комиссиясы жеке кәсіпкерліктің бес субъектісіне 36 миллион теңгеден астам шығынды өтеуді қолдады деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әулиекөлде өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төленеді

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілеріне өрттен келтірілген залал туралы мәліметтерді жинау бойынша үлкен жұмыс атқарды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әулиекөл ауданы кәсіпкерлерінің материалдары "Күшіміз бірлікте" қоры комиссиясының отырысында қаралған.

"Жедел режимде кәсіпкерлермен, палата және өңірлік кеңес өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілді. Онда келген залалды тіркеу алгоритмі және басқа мән-жай түсіндірілді. Нәтижесінде мүліктік залал келген бизнес субъектілері анықталды, кері байланыс орнатылды, мүлікті тексеру актісі әзірленді, нысандар фото және бейнежазбаға түсірілді. Бұл мәліметтер комиссия отырысына ұсынылды. Олар бойынша бүкіл ақпарат расталды", - деді Данияр Күзенбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу