Ауру мысығына киім тіккен қызға ғаламторда 167 мың лүпіл басылды

829

Ауру мысығына киім тіккен  қызға  ғаламторда 167 мың лүпіл басылды

АҚШ модельері Николь Толстых  ауру мысығына киім тігемін деп әлемге танылды. Бұл туралы Life.ru жазды.

Ақпарат көзінің мәліметінше, Чеддер есімді мысық көптеген аурулармен ауырады. Оның ішінде, тері аурулары да бар. Сондықтан да, жануардың терісі ұдайы жабық тұруы керек.

Мысығына жаны ашыған Николь оған ескі-құсқы материалдардан киімдер тіккен.

Никольдің бұл әрекеті әлеуметтік желілерде назарға алынып, мысық сүйер қауым тарапынан 55 мың рет твиттеліп, 167 мың лүпілге ие болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу