Ауруханада алған екпеден ер адам көз жұмды

476

Науқастанып ауруханаға барған тұрғынның ЦЕФ -3 екпесіне аллергиясы болған. 

Ауруханада алған екпеден ер адам көз жұмды Фото: freepik.com

Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны болған Төрежан Макашев ота жасату үшін мемлекеттік портал арқылы ауруханаға жатқан. Марқұмның туыстарының айтуынша Төрежанда ЦЕФ - 3 екпесіне және новокаинге аллергиясы болған. Алайда дәрігерлер қызметінде қателік кетіп , медбике аталмыш екпені салып жіберген. Төрежан Макашев сол мезетте дем ала алмай қайтыс болған.

Полиция қызметінде еңбек етіп жүрген Төрежанның артында жары мен үш баласы қалған.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Жұмысына салғырт қараған медбике жұмыстан босатылған. Науқастың қайтыс болуына байланысты ауруханада жан - жақты тексеру жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу