Ауруханаларда қызмет көрсету құны қымбаттады

607

Перзентханаларда да бұл көрсеткіш артты.

Ауруханаларда қызмет көрсету құны қымбаттады

Биылғы жылдың қазан айының соңында аурухана қызметтерінің бағасы айлық динамика бойынша 0,3%-ға, жылдық динамика бойынша 10,1%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Баға әсіресе Алматыда (20%-ға) айтарлықтай артқан. Қымбатшылықты Түркістан (18,1%) және Павлодар (15,6%) облыстарының тұрғындары сезінді. Бағаның ең аз өсуі Ақтөбе облысында (жылына 0,8%-ға) тіркелді.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында аурухана қызметтері 618,7 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 60,3%-ға артық.

Салыстырмалы түрде алсақ, 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында қызмет көрсету көлемі жылына 12,9%-ды құрап, 385,9 млрд теңгені құрады.

Қызметтердің басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен көрсетілді: 547,8 млрд теңге (+56,7%). Халықтың қаражаты есебінен қызмет көрсету 66,7%-ға, 38,7 млрд теңгеге, кәсіпорындар есебінен 2,4 есеге, 32,2 млрд теңгеге өсті.

Өңірлік тұрғыда сектордағы қызмет көрсетудің ең үлкен көлемі Алматы қаласына тиесілі: 99,4 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 67,2%-ға артық. Үздік үштікке Нұр-Сұлтан (79 млрд теңге, +79,2%) және Түркістан облысы (56,3 млрд теңге, +74,9%) кірді.

Қызмет көрсетудің ең аз көлемі Атырау облысында тіркелді. Бар болғаны 11,7 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 33,4%-ға артық.

Жыл басынан бері ауруханалардың хирургиялық бөлімшелерінің қызметі 107,2 млрд теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 33,9%-ға қымбаттады.

Ауруханалар мен перзентханалардың гинекологиялық бөлімшелерінің қызметі – 55,5 млрд теңгені, оңалту орталықтарының қызметі – 27,2 млрд теңгені, психиатриялық стационарлардың қызметі – 19,9 млрд теңгені құрады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу