Шикізат саудасы бойынша келісімге екі елдің премьер-министрлері Нарендра Моди мен Энтони Альбанезе қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Нью-Дели атом энергиясын өндіру қуатын 10 есе арттырып, 2047 жылға қарай көрсеткішті 100 гигаваттқа жеткізуді жоспарлап отыр. Ал Канберра өз кезегінде экспорт бағыттарын түрлендіріп, ең ірі сауда серіктесі Қытайға тәуелділікті төмендетуге ниетті.
Айта кетейік, Аустралия уран қоры бойынша әлемде төртінші орын алады. Бірінші орында Қазақстан тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу