Аустралияда мереке кезіндегі атыстан 10 адам қаза тауып, 60 адам жараланды

188

Сидней қаласында Bondi Beach жағажайында атыс салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жараланды.

Аустралияда мереке кезіндегі атыстан 10 адам қаза тауып, 60 адам жараланды Фото: svoboda.org

Бұл ақпаратты жергілікті The Sydney Morning Herald басылымы жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Куәгерлердің айтуынша, атыс еврейлердің Hanukkah мерекесі кезінде болды. 2 ер адам кемінде 50 рет атқан. Мерекеге шамамен 2 мың адам қатысқан.

Бейнежазбалардан көрінгендей, біреу шабуылдаушылардың бірін артынан келіп тоқтатқан. Полиция мәліметі бойынша, 1 шабуылдаушы оққа ұшып, екіншісі жараланып, ұсталған.

Қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Полиция тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу