Аустралиядан келген қонақ Қазақстан туралы әсерімен бөлісті

299

​Алматыда өтіп жатқан YE концертін тамашалау үшін әлемнің әр түкпірінен жанкүйерлер жиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аустралиядан келген қонақ Қазақстан туралы әсерімен бөлісті Фото: бейнежазбадан

Солардың қатарында Аустралиядан келген Дебора Лайт (Deborah Light) та бар. Ол Қазақстанға келудегі әсерімен бөлісті.

Қонақтың сөзінше, Алматыға сапары оған ерекше әсер сыйлаған. Ол Қазақстанның атмосферасына тәнті болып, елде жүргеніне қуанышты екенін жеткізді.

"Біз Қазақстанға YE-ні көру үшін келдік. Біз бұл елді жақсы көреміз және осында болғанымыздың өзіне қуаныштымыз. Қазақстанға келгеніме әлі де сене алмаймын, себебі бұл – таңғажайып ел", – деді Дебора Лайт.

Аустралиялық қонақ концертті де асыға күтіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, YE-нің шығармашылығын тыңдап, концерттің ерекше атмосферасын сезіну үшін Алматыға зор көңіл-күймен келген.

"Мен YE сияқты керемет өнер иесін тыңдайтыныма қуаныштымын. Барлық әндерін тыңдап, ерекше вайбты сезіну үшін позитивті энергияға толып тұрмыз", – деді ол.

Сондай-ақ Дебора Лайт Қазақстанға жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, Алматыдағы музыкалық кештің бір бөлігі болуға қуанышты екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу