"Аутизмі бар балаларды өлтіру керек": Асхат Аймағамбетов блогердің шулы мәлімдемесіне пікір айтты

Ол "мұндай жайтқа қоғам мен заңның қатаң реакциясы болуы тиіс" деп есептейді.   

"Аутизмі бар балаларды өлтіру керек": Асхат Аймағамбетов блогердің шулы мәлімдемесіне пікір айтты Фото: parlam.kz

Әрі депутат блогер жасаған мәлімдеменің сұмдық жағдай екенін еске салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін көпшілікті ашық түрде қылмысқа шақырып, ел-жұрттың ашу-ызасын тудырған Райхан Жұмамұратова кешірім сұраған еді. 

– Мұндай пікірлерді (блогердің мәлімдемесін айтады) мүлде қолдамаймын. Бұл – сұмдық жағдай. Біз тек балаларды қорғауымыз керек. Олар – ерекше қолдауды қажет ететін жандар. Олар да – Қазақстан азаматтары. Бұл балалар бізден көбірек қамқорлық күтеді, – деді халық қалаулысы. 

Депутат Асхат Аймағамбетов мұны арандатушылық іс-әрекет деп ойлайды. 

– Егер осындай жағдайлар болса, заң аясында тиісті жауапкершілік қарастырылған. Бұл – өте маңызды. Мұндай сөздер, мүмкін, бір-екі адамның арандатушылық әрекеті шығар, бірақ біз оларға жол бермеуіміз керек. Мәселе тек заңның бар-жоғында емес, оны дұрыс орындауда. Мемлекет басшысы да бұл мәселеге ерекше назар аударып отыр. Біз заңның толық орындалуын қамтамасыз етуіміз керек, – деп нақтылай түсті ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу