Ауыл әйелдері үшін жаңа жұмыс орындары құрылады

1019

Алдағы 5 жылда ұлттық жоба аясында ашылатын жаңа жұмыс орындарының 80%-ы ауыл әйелдеріне бұйырады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Ауыл әйелдері үшін жаңа жұмыс орындары құрылады

Жиында министрдің сөзін "Жасыл" экономика және G-Global дамыту коалициясының өкілі оқып берді. 

"Бүгінгі форумның тақырыбы өте маңызды, өзекті және мағыналы екені даусыз. Ауылдағы әйелдердің ауылшаруашылығына және ауылды одан әрі дамытуға қосқан үлесі зор. Ауылда әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың басым бағыттарына ауылшаруашылығы өнімдерін дайындау, өңдеу, сақтау, ветеринариялық қызметтер көрсету, киімдер мен трикотаж бұйымдарын шығару, қызмет көрсету жатады", – деді Ербол Қарашөкеев Қазақстан ауыл әйелдерінің IV форумында.

Сондай-ақ ол 2021-2025 жылдарға арналған АӨК-ні дамытудың ұлттық жобасына тоқталды. 

"Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеудің жаңа инвестициялық жобалары пысықталып жатыр. Бұл жобалар алдағы 5 жылда 100 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Ал оның 80%-ын ауылдағы әйелдер алады. Жалпы ұлттық жоба аясында жобаларды жүзеге асыру қосымша 500 мың адамды жұмыспен қамтып, 70 мың шаруа қожалығын құруға, 1 млн ауыл тұрғынының табысын арттыру жоспарда бар", – деп түйіндеді сөзін министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу