"Ауыл – Ел бесігі": 3,5 мың елді мекен толығымен жаңғыртылады

2019-2022 жылдары 326 млрд теңгеге 3,7 мың жоба іске асырылды. 

"Ауыл – Ел бесігі": 3,5 мың елді мекен толығымен жаңғыртылады Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті.

Ведомство басшысының айтуынша, республикада 6 293 ауылдық елді мекен бар, онда 7,8 млн адам тұрады.

Олардың қатарынан даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауыл іріктелді (барлық ауыл тұрғындарының 90%-ы). Оларды жаңғырту "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында басым тәртіппен жүзеге асырылады.

"Мәселен, 2019-2022 жылдары 326 млрд теңгеге 3,7 мың жоба іске асырылды. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 334 объектіні, 1,2 мың әлеуметтік инфрақұрылым объектісін (білім беру, денсаулық сақтау, спорт) және 2 мыңнан астам көлік инфрақұрылымы объектісін (ауыл ішіндегі жолдар) салуға және жөндеуге мүмкіндік берді", – деді министр.

Биыл 736 ауылда 143 млрд теңгеге тағы 1,5 мың жобаны іске асыру жоспарланған: 119 жоба ТКШ саласында, 275 жоба әлеуметтік инфрақұрылым бөлігінде, сондай-ақ 1,1 мың жоба ауыл ішіндегі жолдардың жағдайын жақсарту бойынша іске асырылмақ.

Бұл ретте Премьер-министр 2027 жылға қарай әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдың бәрін Өңірлік стандарттар жүйесіне сай дамыту жоспарланып отырғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу