Ауыл округтері бюджетінің қаржылық мүмкіндігі кеңейтіледі

709

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді.

Ауыл округтері бюджетінің қаржылық мүмкіндігі кеңейтіледі

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленетін айтты. 

"Еліміздің өңірлік дамуын арттыру үшін әр өңірдің бәсеке артықшылығын ашу жөніндегі шараларды қамтитын жаңа тәсіл әзірленеді. Бұл үшін 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамудың болжамды схемасына тиісті өзгерістер енгізіледі. Ауылдардағы өзекті инфрақұрылым мәселелерін шешуге бағытталған "Ауыл – ел бесігі" жобасын белсенді жүзеге асыру жалғасады", – деді Руслан Дәленов. 

Министрдің мәлімдеуінше, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру аясында ауыл округтері бюджетінің қаржылық мүмкіндігі кеңейтіледі.

"Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл тұжырымдама аясында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу, жергілікті мемлекеттік басқарудың мүліктік құқықтарын және мәслихаттардың өкілеттігін кеңейту бойынша ұсыныстар әзірленеді", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу