Ауыл өнімдері өндірісінен Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта үшінші орында

562

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсу көрсеткіші бойынша үшінші орында. Мұны Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

Ауыл өнімдері өндірісінен Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта үшінші орында

Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісі артқан. Атап айтсақ, мал мен құс сою (тірі салмақта) – 3,4%, сүт – 0,6%, жұмыртқа - 2,5% көбейген.

"2022 жылғы қаңтар-маусымда ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі барлық санаттағы шаруашылықтарда 2021 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1,6% ұлғайды, яғни 39 млрд болды. Өсім Ресейде – 2,2%, Қырғызстанда-2% және Қазақстанда - 1,4% екені байқалды", - делінген хабарламада.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу