"Ауыл" партиясының президенттікке үміткері Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді

537

Бүгін Жигули Дайрабаев "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен президенттікке кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттарын ұсынды. Бұл туралы inbusiness.kz Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Ауыл" партиясының президенттікке үміткері Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді

"2022 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №67/545 қаулысына сәйкес Жигули Молдақалықұлы Дайрабаевтың "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды:

1. "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Ж.М. Дайрабаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері", – делінген хабарламада.

Жигули Дайрабаев осыған дейін өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары қандай болатынын хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу