Ауыл шаруашылығы министрлігі: биыл астық көлемінің айтарлықтай артады

784

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ауыл шаруашылығы министрлігі: биыл астық көлемінің айтарлықтай артады

"Негізі "Қазгидромет" ауа-райына қатысты жағымды болжам жасап отыр. Қазір егін егу кезеңі. Көктемгі қуаңшылық дегеннен өттік. Ауа райы қолайлы, жұмыс жүріп жатыр, ылғалдың жиналуы байқалады. Диқандардың ендігі міндеті – қысқы кезеңнен қалған ылғалды сақтап қалу”, – деді Азат Сұлтанов.  

Оның айтуынша, бұл астық көлемінің арттыруға қолайлы болжам жасауға мүмкіндік береді. 

"Аталған шараларды шаруалар жүргізді. Қазірдің өзінде бұл 1 гектардан 0,7 центнерге өнімділік артады деген болжам жасауға мүмкіндік береді, айтып отығанымыз ең төменгі көрсеткіш.  Қабылданған шаралардың арқасында егіс алқаптары ылғалмен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етіледі", – деп қосты спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу