banner

Ауыл шаруашылығы министрлігі Gosagro субсидиялау жүйесінің барлық техникалық ақауларын толығымен жойды

881

Әкімдіктер 1,3 млрд теңгеге субсидия алуға өтінімдерді мақұлдады. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі Gosagro субсидиялау жүйесінің барлық техникалық ақауларын толығымен жойды Фото: Agroqogam.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидия алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерін беру кезінде туындаған Gosagro ақпараттық жүйесінің барлық кемшіліктерін түзеді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин сенаторлардың сұрауына жауап ретінде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның деректері бойынша, қазір жүйе штаттық режимде жұмыс істейді, 17,4 млрд теңге сомасына 5500-ден астам өтінім келіп түсті. Әкімдіктер 1,3 млрд теңге сомасына өтінімдерді мақұлдап үлгерген.

Субсидиялау шеңберінде қаржы институттарынан 4 млрд теңгеден астам сомаға өтінімдер түсті. Түркістан, Қарағанды, Атырау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының әкімдіктері ақпан айынан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша тиісті төлем жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу