Ауыл шаруашылығы министрлігі қант тапшылығын жоққа шығарды

391

Елдегі қант қоры шамамен 67 мың тонна. Қант өндірісі үздіксіз жүзеге асырылып жатыр, деп жазылған АШМ таратқан ақпаратта.

Ауыл шаруашылығы министрлігі қант тапшылығын жоққа шығарды

"Қазақстанның тұрақтандыру қорлары, сауда нысандары мен республиканың қоймаларындағы қант қоры шамамен 31 мың тоннаны құрайды. Бұдан бөлек, зауыттарда өңдеуге арналған 36 мың тонна құрғақ қант шикізаты бар. Жолда қосымша 16 мың тонна қант шикізаты бар", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ ведомства мәліметі бойынша ішкі нарыққа қант жеткізуді "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ жүзеге асырады.

Сонымен қатар бағаларды тұрақтандыру үшін зауыттар өңірлердің тұрақтандыру қорларына, сауда желілеріне және жеткізушілерге тиеуді, құрамында қант бар өнімдерді өндірушілерге олардың өтінімдеріне сәйкес жеткізуді жүзеге асыратындығы айтылған.

Биыл мамыр айында барлығы 30 мың тоннадан астам жүк тиелді, маусым айында 44,8 мың тонна қант жөнелту жоспарланып отыр.

Еске салар болсақ, бұған дейін кондитерлер қанттың жоқтығын айтып, қорларының тек бір айға жететінін алға тартқан болатын.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу