Ауыл шаруашылығы министрлігі өзге органдарға кіріптар – Ақылбек Күрішбаев

1089

Сенатор Ақылбек Күрішбаев аграрлық сала толық қаржыландырылмай отырғаны туралы мәселе көтерді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өзге органдарға кіріптар – Ақылбек Күрішбаев

Айтуына қарағанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға өткен төрт жылда екі млрд теңге бөлу жоспарланған, алайда іс жүзінде тек 1,6 млрд теңге ғана жұмсалды. Мемлекеттік бағдарламалар "толық көлемде" іске аспай келеді. 

"Аграрлық саласы озық елдерде Ауыл шаруашылығы министрлігі стратегиялық мемлекеттік орган болып есептеледі. Ал біздің Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа министрліктерге жалынышты. Барлық негізгі нормативтік бұйрықтары міндетті түрде басқа мемлекеттік органдармен келісіледі. 2020-2021 жылдары субсидиялау қағидаларын, регламенттерді және т.б. келісуге 20-30 күннен жеті айға дейін уақыт кетті. Бұл жерде саланы жедел басқару туралы қалай айтуға болады?", – дейді депутат.

Депутат сонымен қатар фермерлерді егін егу науқанына дайындау мәселесін де қозғады. Оның айтуынша, өткен жылғы қуаңшылық агробизнеске қатты әсер етті, ал өнімдерді экспорттауға тыйым салу және квоталарды енгізу шаруалардың табысын шектеп тастады.

"Биыл көптеген ауылшаруашылық тауар өндірушісі егістіктерде қар тоқтату шарасын ұйымдастыра алмады, бұл мәселелер көктемде топырақтың ылғалдығына кері әсерін тигізетіні анық. Сондықтан биылғы қалыптасқан жағдайда мемлекет басшысының үкіметтің кеңейтілген отырысында егін егу жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін шаруашылықтарға барлық жағдай жасау жөніндегі тапсырмасын сапалы орындау өте маңызды", – деді Ақылбек Күрішбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу