Ауыл шаруашылығы министрлігі президентті "алдап" отыр

1361

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратынша, жайылымдық жердің тапшылығы 6,8 млн гектар (32 пайыз) азайған. Алайда бас прокуратураның тексерісі көрсеткендей, бірқатар өңірде жайылымдық жердің тапшылығы әлі де азаймаған.  

Ауыл шаруашылығы министрлігі президентті "алдап" отыр

Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

"Бос жатқан жерлерді тезірек қайтарып алып, оны ауыл тұрғындарына беруді тапсырған болатынмын. Қазір халық үшін айрықша маңызы бар жұмыс жүріп жатыр. Бірақ бұл жерде де Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер көзбояушылыққа жол берген", – дейді Тоқаев.

Айтуынша, Ақмола, Атырау және Қостанай облыстарында ауыл тұрғындарына малын фермерлердің жеріне жаюға рұқсат беріледі деген жалған меморандум жасалған. Шын мәнінде жайылым жердің тапшылығы қағаз бетінде ғана азайды. 
"Одан бөлек аймақтар халықтың жайылымға деген сұранысын төмендетіп көрсете бастаған. Үкімет бұған неге көз жұма қарап отыр? Мұндай әрекеттер ауыл халқының наразылығын өршітпесе, кемітпейді. Үкіметке жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы мәселені түбегейлі шешуді тапсырамын", – деді мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу