Ауыл шаруашылығы министрлігінде аппарат басшысы Сергей Лидің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іс-шараға министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, салалық комитеттердің және олардың аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты.
Онда Министрлік жүйесінде 2025 жыл мен 2026 жылдың бірінші тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды іске асыру нәтижелері қаралды. Азаматтардың сенім деңгейіне тікелей әсер ететін негізгі бағыттардың бірі ретінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын одан әрі арттыру қажеттігін талқылады. Барлық деңгейде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға жүйелі тәсілдің маңыздылығы және бақылауды күшейту қажеттігі айтылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Сергей Ли сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді. Атап айтқанда, ішкі үрдістердің тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.
Осы бағыттағы жүйелі және сындарлы жұмысты жалғастыру Министрлік қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала бермек.