Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға 162 өтінім түсті

1598

Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға 80 млрд теңге бөлінбек.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға 162 өтінім түсті

Азық-түлік корпорациясы 2022 жылғы егіннің ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу бағдарламасы шеңберінде қаржыландырудың басталғанын мәлім етті, хабарлайды inbusiness.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, 2022 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 40 млрд-тан аса теңге көлемінде 162 өтінім түскен.

"Биыл егіннің ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыруға 80 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Сондай-ақ сатып алынатын дақылдардың тізбесі жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, зығыр, рапс, соя, қарақұмық және жүгері сынды өнімдер 10 атауға ұлғайтылады", – деп жазылған хабарламада.

Форвардтық сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері Азық-түлік корпорациясының www.fcc.kz сайтында қабылданады немесе төмендегі мекенжайға қағаз түрінде тапсыруға болады:

Ақмола облысы Көкшетау қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 19, телефон:
(8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22, +7 701 795 09 98;

Қостанай облысы Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 147, телефон:
(8-714-2) 53-11-44, 54-28-20, 54-28-94;

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавловск қаласы Партизанская көшесі 160, телефон:
(8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 55-11-64, 55-11-61;

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Бейбітшілік көшесі 30, 206 кеңсе, телефон: (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57.

Форвардтық сатып алулар бойынша қосымша ақпарат алу үшін Азық-түлік корпорацияның орталық аппаратына хабарласа аласыз: 8 (717-2) 59-12-32 (ішкі 2358), 59-12-39, 59-12-65, 59-13-07.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу