Ауыл шаруашылығы саласында 80 инвестициялық жобасын іске асырылады

1271

Алдағы 5 жылда жалпы саны 380 жобаны жолға қою жоспарланған.  

Ауыл шаруашылығы саласында 80 инвестициялық жобасын іске асырылады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры Сәуле Молдабаева мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

Спикердің айтуынша аталған жобалардың 65%-дан астамы ауыл шаруашылығы саласында импортты алмастыруға бағытталған.

Оның айтуынша, қалған жобалар АӨК экспорттық әлеуетін арттыру міндеттеріне жауап береді. Олар: жаңа бордақылау алаңдары, репродукторлар, жылыжайлар және т.б.

"Жыл сайын орта есеппен 80-ге жуық жобаны іске қосу жоспарлануда. Мұны біз міндетті түрде жүзеге асыруымыз керек. Министрліктің жобалар пулы облыс әкімдіктерімен инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарларын пысықтау нәтижесінде кеңейтілетін болады", - деді Сәуле Молдабаева.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу