Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отыны бағасы литріне 250 теңгені құрайды

Ол нарықтық бағадан 15%-ға төмен. 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отыны бағасы литріне 250 теңгені құрайды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты.

"Жалпы егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикада 149,9 мың трактор, 38,6 мың астық жинайтын комбайн, 13,5 мың орақ бар. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін 426 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, оның ішінде 58 мың тонна азық дайындау жұмыстарын жүргізуге бөлінді.

Дизель отынының бұл көлемі ҚР Энергетика министрлігімен келісіліп, бекітілген. Барлық шығыстарды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға литріне 250 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 15%-ға төмен", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу