Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру 7%-ға өсті

982

Коронавирустық пандемия елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылығының маңызды рөлін тағы бір рет растады. Мұндай жағдайда ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдау бірінші орынға шығып, қаржы да қолжетімді болуы керек.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру 7%-ға өсті

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық бюросының 2021 жылдың үшінші тоқсанындағы нарықтық шолуларына сәйкес зерттелген ауылшаруашылығы құрылымдарының қызметін шектейтін негізгі факторлар: қаражаттың жетіспеушілігі, айналым қаражатының аздығы, өнімді сатып алу бағасының төмендігі, несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуы және материалдық-техникалық базаның нашарлығы. Кәсіпорындардың 8%-ының қызметін салаға салынатын салық шектеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Ал негізгі шектеуші фактор бизнестің өз қаражаты мен кепілзатының болмауы екені анықталды.

Қазақстан Республикасында өндірісті жақсарту үшін ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың бірқатар шаралары қарастырылған.

Ең тиімді шаралар:
• жеңілдікпен несиелендіру;
• несие мөлшерлемесін субсидиялау;
• лизинг шарттары мен материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету.

Ауылшаруашылығы кәсіпорындарын жеңілдетілген қаржыландыруды қамтамасыз ететін негізгі мекеме "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы Аграрлық несие корпорациясы (АНК) болып табылады.

Биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Аграрлық несие корпорациясының несие портфелі 562,4 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға артты. Соңғы бес жылда саланы несиелеу жылына орта есеппен 23,5%-ға өсті. Жылдан жылға ауылшаруашылығын қаржыландыруда АНК рөлінің артып келе жатқаны байқалады.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері саланы несиелендіруді айтарлықтай қысқартқанымен (бес жыл ішінде 55,2%-ға), Аграрлық несие корпорациясы кәсіпорындарды қаржыландырудың негізгі көзіне айналды. Қазір ауылшаруашылығына берілген барлық несиелердің 65%-ы тікелей аталған ұйымға тиесілі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу