Ауыл шаруашылығы техникасының 98%-ы науқанға дайын

1619

Көктемгі егіс жұмыстарына 387 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Ауыл шаруашылығы техникасының 98%-ы науқанға дайын

Облыс әкімдіктерінің дерегіне сәйкес, 7 сәуірдегі жағдай бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы техникасының 98%-ы сақадай сай тұр. 
Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың сөзінше, жұмысты тоқтатпау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жөндеу бригадаларын құрған. Сервистік компаниялар көшпелі сервистік қызмет көрсетіп, қоймаларды қажетті қосалқы бөлшектермен толтырып жатыр. 

"Жұмыс басталғанға дейін техниканың дайындығы 100%-ды құрайды деп болжанып отыр. Көктемгі егіс жұмыстарын уақытында жүргізу үшін ақпан-маусым айларына 387 мың тонна дизель отыны бөлінді. 8 сәуірдегі жағдай бойынша бекітілген кесте бойынша жоспарланған 387 мың тоннаның 
119 мың тоннасы бойынша шарт жасалып, 103,4 мың тонна дизель отыны
тиелді", – деді Айдарбек Сапаров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу