Ауыл шаруашылығына бөлініп келген субсидияның 20 түрі қысқарады

823

Ауыл шаруашылығына бөлініп келген субсидияның 20 түрі қысқарады

Қазақстанда ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында бөлініп келген мемлекеттік субсидияның енді 20 түрі қысқарады. Одан үнемделген қаржы  несие мен лизингтің үстемақысын азайтуға, фермерлердің  техника мен технологияға оңтайлы қол жеткізуі үшін жұмсалмақ, деп хабарлайды 24.kz.

Үкімет басшысының орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев бүгін Түркістан облысындағы бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, елдегі өзгерістер жайын шаруаларға түсіндірді.

Министрілік тарапынан ішкі нарықты қорғау және сыртқы сауданы ұлғайтуы бойынша бүгінде бірқатар нақты жұмыстар атқарылған. Мәселен шет  мемлекеттермен  арадағы  ветеринариялық және фитосанитарлық талаптар жолға қойылған. Сауд Арабиясы, Иран, Біріккен Араб әмірліктеріндегі ет өнімдеріне қойылған шектеулер алынып тасталған.

Премьер-министрдің орынбасары сапар барысында Шымкент қаласында да активпен кездесу өткізіп, Жолдаудан туындаған міндеттерді жүзеге асыру жайын айтты. Бұл мақсатта мегаполис шаһарда  келешекте агро-индустриалды аймақ құрылмақ. Оған тартылған 20 миллиард теңге инвестицияға 40 кәсіпорын іске қосылады. Осыдан соң өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі үш жылдан соң 67,5 миллиард теңгеге жетеді деп жоспарлануда. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  мемлекеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін жыл сайын 100 млрд теңге, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің басым жобаларына қолжетімді  кредит беру үшін 200 млрд бөлінетін болады. Сонда тағы 300 млрд, яғни екі есе өсіп отыр", - дейді Өмірзақ Шөкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу