ШҚО-да ауыл тұрғынынан Калашников автоматының оқтары табылды

990

Ауыл тұрғынынан қару мен Калашников автоматының оқтары табылды. Бұл туралы ШҚО полиция департаменті ақпар таратты, деп жазады inbusiness.kz.

ШҚО-да ауыл тұрғынынан Калашников автоматының оқтары табылды

"Күршім аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен ауданның 54 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамның үйін тінту барысында 2 мылтық пен патрондар тәркіленді. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысына сәйкес, тәркіленген қарудың бірі 5,6 мм калибрлі "ТОЗ-8" мылтық болып табылды. Екінші мылтық 12 калибрлі "ИЖ-18Е" модельді аңшылық тегіс ұңғылы мылтық болып шықты. Бұл тегіс ұңғылы аңшы мылтығы оқпанынын өздігінен қысқарту жолымен дайындалған екен. Қару 1963 жылы Ижевск механикалық зауытында шығарылып, бір-біріне сәйкес келетін өзара бөлшектерін алмастыратын мылтықтардан жиналған. Ату үшін жарамды", – делінген хабарламада. 

Тәркіленген 73 дана патрон 5,6 мм калибрлі сақиналы тұтану патрондары болып табылады. Ал қалған 14 дана патрон өздігінен оқталатын карабинге, автоматтарға (АКМ, АКМС), аңшылық қаруға ("Сайга" карабині) қолданылатын 7,62-39 мм калибрлі патрондар болып табылады.  

Бүгінгі таңда күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы қабылданды. 

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес, "Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген", – деп хабарлады ШҚО ПД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу