Ауылда кәсіп ашқысы келетін қыз-келіншектерге 20 грант беріледі

1170

Кәсіп үйренемін деуші қыз-келіншектерге биыл "Әлеуметтік динамика" қоғамдық қорының бастамасы, The Coca-Cola Foundation халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен жүргізілетін "Coca-Cola Белестері" бағдарламасы аясында 20 грант беріледі.

Ауылда кәсіп ашқысы келетін қыз-келіншектерге 20 грант беріледі

"Жоба аясында екі бағыт бойынша оқытамыз. Біріншісі – "Жаңадан бастаушыларға арналған бизнес негіздері", екіншісі "Жеке қосалқы шаруашылықтар" деп аталады. Оқыту онлайн режимінде болады. Жобаға ccb.kz сайты арқылы қатысуға болады. Онда әйелдер арасындағы үздік бизнес-идеялар байқауына өтінімдер қабылдау басталады. Биыл "Coca-Cola Белестері" байқауының жеңімпаздарын 20 грант күтіп тұр, олар ауыл әйелдерінің мерейтойлық 5-форумында табысталады", – деп мәлімдеді "Жасыл" экономика және G-Global дамыту Коалициясы" ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов.

Оның айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 50 мыңнан астам әйел білім алған, 97 әйел өзінің алғашқы бизнесін ашуға грант алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу