Ауылдағы медициналық инфрақұрылым шамамен 50%-ға тозған

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Ауылдағы медициналық инфрақұрылым шамамен 50%-ға тозған Фото: primeminister.kz

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауылдағы объектілерге инвентаризация жүргізілді, нәтижесінде 200-ден астам елдімекенде медициналық объектілер жоқ, 400-ге жуық медициналық объекті жалдамалы, апатты немесе бейімделген ғимараттарда орналасқан", - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министр ауылдағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек инфрақұрылымы 50%-ға тозғанын жеткізді.

"Биыл денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді. Осылайша, 50 адамға дейінгі ауылдарда медбике медициналық көмекті үй-жайсыз жүзеге асырады, ал 500 адам тұратын ауылдарда медицина қызметкерлерінің саны бір адамнан үшке дейін ұлғайып, фельдшерлік-акушерлік пункттер ашуға болады", – деді министр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу