Ауылдарда ауруханалар салуға 126 млрд теңге керек – Ажар Ғиният

614

Алдын ала есептеулер бойынша, 2025 жылға дейін ауылдық денсаулық сақтауды дамыту жобасы аясында ауруханалар құрылысына Денсаулық сақтау министрлігіне 126 млрд теңге қажет болады.

Ауылдарда ауруханалар салуға 126 млрд теңге керек – Ажар Ғиният

Бұл туралы жұма күні брифинг барысында ведомство басшысы Ажар Ғиният хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Ауылдық денсаулық сақтауды дамыту бойынша пилоттық ұлттық жобаны іске асыруға шығындар алдын ала есептеулер бойынша 200 млрд теңгеден асады. Оның ішінде МСАК, алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысына – 126 млрд теңге", деді Ғиният.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының мәліметінше, "ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру екі жыл ішінде барлық ауылдарды медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және 650 елді мекенді қамтуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, 32 аудандық аурухананы көпбейінді медициналық мекемелер деңгейіне дейін жаңғырту жоспарланған.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде 2 мыңнан астамы – медициналық пункттер, 790 – фельдшерлік-акушерлік пункттер, 1 мыңнан астамы – дәрігерлік амбулаториялар, 227 – емханалар және 203 аурухана.

Бұл ретте 200-ден астам ауылдық елді мекенде медициналық нысандардың болмауы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Бұдан басқа, ауылдағы МСАК медициналық инфрақұрылымының 50%-дан астамы тозған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу