Ауылдарды дамытуға 200 млрд теңге бөлінді

436

Елде болашағы бұлыңғыр 2 мың 800 елдімекен бар.

Ауылдарды дамытуға 200 млрд теңге бөлінді Фото: Ашық дереккөзден

Ауылдарды дамытуға 200 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік және көлік инфрақұрылым жобалары іске асып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Негізі 800 ауыл қамтылған. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың сөзінше, олар даму әлеуеті бар елдімекендер болып саналады. Өкінішке қарай, тұрғындар саны азайған кейбір ауылдарда жағдай қиын. Қазір болашағы бұлыңғыр 2 мың 800 елдімекен бар. Ол жерлерде, шамамен, халықтың 10 пайызы ғана тұрады.

"Бұл ауылдарда 700 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Тұрғындар саны едәуір азайған ауылдарда жағдай қиындау. Ал кейбір ауылдарды қалпына келтіріп, қолдау жасалады. Бұл тұрғыда осы ауылдардың болашағы өңірлерде жүргізілген саясатқа қатысты болады", - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Жалпы, жыл сайын ауылдан қалаға 200 мыңдай адам көшеді. Қоныс аударудың басты себебі - жұмыстың жоқтығы және инфрақұрылымның тозуы. Сонымен қатар "ауылдықтардың табысы қалалықтарға қарағанда едәуір төмен", дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу