Ауылды маса басып кетті: Павлодар облысында тұрғындар үйден шыға алмай отыр

733

Шарбақты ауданындағы Жаңа зауыт ауылының тұрғындары масалардың жаппай көбеюіне шағымданды.   

Ауылды маса басып кетті: Павлодар облысында тұрғындар үйден шыға алмай отыр Фото: Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда ауылды қаптаған жәндіктердің үлкен үйірлері көрсетілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көшеде жүру мүмкін болмай қалған. Қансорғыш жәндіктерден балалар, үй жануарлары мен мал шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғындары зардап шегіп отыр. Көпшілік қажеттілік болмаса, сыртқа шықпауға тырысатынын айтады.

Шағымдардан кейін ауылға облыстық Жер қойнауын пайдалану, Қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мамандары, аудан әкімдігі өкілдері мен ғылыми топ барған.

Тексеру барысында масалардың жаппай көбею дерегі расталды.

Мамандардың болжамынша, жағдай орман өрттерін сөндіру кезінде су алу үшін жасалған жасанды су қоймалары мен елді мекендер маңындағы шағын су айдындарының әсерінен туындаған болуы мүмкін.

10 маусымнан бастап ауылдарда ересек масаларға қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары басталды. Бұл үшін арнайы бүріккіш құрылғылар мен ыстық тұман генераторлары қолданылып жатыр.

Сонымен қатар су айдындарындағы маса дернәсілдерін жою мақсатында мамандар "Бактицид" биологиялық препаратымен өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу