Ауылдық жерлер сумен жабдықтау қызметімен 100% қамтылады

586

Премьер-министр Асқар Мамин "Ауыл – ел бесігі" жобасын қаржыландыру көлемі 800 млрд теңгеге дейін өскенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ауылдық жерлер сумен жабдықтау қызметімен 100% қамтылады

"Ауыл – ел бесігі" жобасын қаржыландыру көлемі 800 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Жалпы ұлттық жобаларды ескерсек – ауылдарды жаңғыртуға 1,3 трлн теңге жоспарланып отыр", – деді үкімет басшысы. 

Асқар Маминнің мәлімдеуінше, 2025 жылы ауылдық жерлер сумен жабдықтау қызметімен 100% қамтылады. 

"Кент ішіндегі 10 мың шақырым жол жақсартылады. 12 мың шақырым инженерлік желі, 1,1 мың денсаулық сақтау нысаны, 1,7 мың спорт, 1,5 мың мәдениет нысаны салынып, жөнделеді. 5 мың ауыл мектебі жаңғыртылады. "Еңбек өнімділігі 2,5 есе өседі, 500 мың жұмыс орны құрылады және 1 млн ауыл тұрғының табысы артады", – деді үкімет басшысы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу