Ауыр атлет Ниджат Рахимов халықаралық турнир жеңімпазы атанды

1142

Ауыр атлетикадан Alexander Cup рейтингілік турнирі Гродно қаласында өтуде. 

Ауыр атлет Ниджат Рахимов халықаралық турнир жеңімпазы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Ниджат Рахимов "Alexander Cup" турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Белоруссияның Гродоно қаласында өтіп жатқан халықаралақ турнирде Ниджат Рахимов 81 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Қос сайыс нәтижесінде ол 344 келіні (151+193) бағындырды.

Қазақстан құрамасынан сынға түскен тағы бір ауыр атлет Денис Уланов берілген мүмкіндікті пайдалана алмай, жарысты сәтсіз аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу