Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты

537

Ұлттық құраманың бас бапкері болып Бахыт Ахметов тағайындалды. 

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері ауысты. Бұл  туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлайды. 

Ұлттық құраманың бас бапкері болып Бахыт Ахметов тағайындалды. Ол осыған дейін ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығында аға жаттықтырушы қызметін атқарған.

Сонымен қатар, Бахыт Ахметов Азия чемпионы және құрлық біріншілігінің қола жүлдегері (2004, 2007) атанған, Азия ойындарынан алтын және қола медаль (2002, 2006) жеңіп алған.

2009 жылдан бері жастар командасын баптаған білікті бапкердің шәкірттері Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаты, құрлықтық біріншілік пен халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүр.

Атап айтқанда, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Карина Горичева, Альберт Линдер және Игорь Сон сынды спортшыларды ұлттық құрама сапына қосқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу