Ауыр атлеттерді олимпиадаға іріктеу жүйесі өзгереді

1034

Ауыр атлеттерді олимпиадаға іріктеу жүйесі өзгереді

Ауыр атлеттердің олимпиада ойындарына іріктеу жүйесі өзгермек. Бұл жайында Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы (IWF) жаңа жоба дайындап жатыр, деп жазады vesti.kz.
Осыған дейін ауыр атлеттердің олимпиада ойындарына қатысуы сол ел ұлттық құрамасының халықаралық жарыстардағы нәтижесіне байланысты еді. Жаңа жүйе бойынша ауыр атлеттер төртжылдықтың басты додасына жекелей көрсеткіштері бойынша жолдама алады.
Жаңа жүйе спортшылардың допинг тексеруден өту тәртібін қатаңдатып, кіл үздік спортшылардың іріктеліп шығуына жол ашатын көрінеді. 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадаға іріктеу осы жүйе бойынша өтуі бек мүмкін. 
Айта кетейік, қыркүйек айының соңында Қазақстан ұлттық құрамасы осы жылы Анахаймда (АҚШ) өтетін әлем чемпионатына қатыспайтыны белгілі болған еді. Допинг мәселесіне байланысты мұндай біржылдық жазаға жалғыз қазақстандық ауыр атлеттер ғана емес, Ресей, Армения, Әзірбайжан, Белорусь, Қытай, Молдова, Түркия және Украина құрамалары да іліккен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу