Ауыр хәлде жатқан 49 жастағы науқас Өскеменге тікұшақпен жеткізілді

127

Әйел аудандық ауруханада ем алған.    

Ауыр хәлде жатқан 49 жастағы науқас Өскеменге тікұшақпен жеткізілді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

18 қыркүйекте ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" АҚ тікұшағы санитарлық авиация желісі бойынша Бұрлы ауданының 49 жастағы тұрғынын шұғыл эвакуациялады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Министрлік мәліметінше, науқас тар бейінді мамандардың көмегін алу үшін облыс орталығындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

"Экипаж бен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау уақыты едәуір қысқарып, емнің сәтті аяқталу мүмкіндігі артты", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу