Авиациядағы ұрлық: Ақтөбеде зауыттың экс-директоры 110 млн теңгеге алаяқтық жасады деп айыпталуда

419

Қылмыстық іс сотқа жолданды.    

Авиациядағы ұрлық: Ақтөбеде зауыттың экс-директоры 110 млн теңгеге алаяқтық жасады деп айыпталуда Фото: avestnik.kz

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті "Авиажөндеу зауыты №406 ГА" АҚ-ның бұрынғы басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Күдікті қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, әуе кемелерін жөндеуге арналған тауарлық-материалдық қорларды заңсыз есептен шығару схемасын ұйымдастырған.

"МИ-2 тікұшақтарына, АН-2 әуекемелеріне және қозғалтқыштарға арналған агрегаттар мен қосалқы бөлшектерді жалған сатып алу тиесілі бақылауындағы компаниялар арқылы жүргізілген. Зауыттың құжаттарында аталған агрегаттар қоймадан алынған және күрделі жөндеу кезінде авиациялық техникаға орнатылған ретінде көрсетілген, бірақ іс жүзінде қолданылмаған", – делінген хабарламада. 

Кейіннен олардың пайдаланылғанын формалды түрде растайтын есептен шығару актілері бекітілген. Мемлекетке келтірілген шығын 110 млн теңгені құрады.

Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі 2 пәтер мен жер учаскесіне тыйым салынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу