Авиаотын бағасы жыл басынан бері екінші рет төмендеді

779

2019 жылдың 1 наурызынан бастап қазақстандық өндірістің РТ маркалы авиациялық отынның көтерме бағасы төмендеді.

Авиаотын бағасы жыл басынан бері екінші рет төмендеді

"ҚазМұнайГаз" ҰК (ҚМГ) жыл басынан бері екінші рет авиаотын бағасын төмендетті, деп хабарлайды компания.

РТ маркадағы авиациялық отын Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарында өндіріледі.

Атырау МӨЗ-де өндірілген авиаотынның көтерме бағасы ақпанмен салыстырғанда 2,7% - ға,  жыл басынан бері 5,6% - ға төмендеді. Павлодар МӨЗ авиаотынының көтерме бағасы жыл басынан бері 4,4% - ға азайды.

"Екінші рет авиаотын бағасының төмендеуі мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту аяқталғаннан кейін мүмкін болды. Жаңғырту сондай-ақ Қазақстанның ішкі нарығын мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етуге және қымбат импорттық авиа отынынан бас тартуға мүмкіндік берді", - дейді  компаниядан.

Естеріңізге сала кетейік, биыл РТ маркалы авиа отынның көтерме бағасы ақпан айында төмендеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу