Ибраһим келісімдеріне қосылуға байланысты Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

216

Бұл маңызды шешім тек Қазақстан мүддесі үшін қабылданды және республиканың теңгерімді, сындарлы, бейбіт сыртқы саясатының сипатына толық сәйкес келеді.

Ибраһим келісімдеріне қосылуға байланысты Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі еліміздің Ибраһим келісімдеріне қосылғанын мәлімдейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ибраһим келісімдеріне қосылу еліміздің барлық мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, яғни Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес.

Қазақстан әрдайым Таяу Шығыстағы қақтығыстың халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ тиісті қарарларына және "екі халық үшін екі мемлекет" қағидаты негізінде әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу