Австралияда 16 жастан асқан адамдар вакцинаның үш дозасын алуға міндеттелді

981

Финляндия шекарадағы шектеулерді 13 наурызға дейін ұзартты.

Австралияда 16 жастан асқан адамдар вакцинаның үш дозасын алуға міндеттелді

Австралияда COVID-19-ға қарсы "толық вакцинацияланған" деген ұғым өзгерді. Енді 16 жастан асқан адамдарға екі компонентті вакцинаның орнына үш доза қажет болады. Алайда бұл Австралияға келген қонақтарға қатысты емес, деп хабарлайды  inbusiness.kz ВАК телеграм арнасына сілтеме жасап.

Финляндия шекарадағы шектеулерді 13 наурызға дейін ұзартты. Дегенмен, кейбір жағдайларда, мысалы отбасылық жағдайлармен сапарға шығу сияқты шұғыл себебі бар ел тұрғындары үшін шекара ашық болады.

Словенияның Премьер-Министрі Янез Янша және оның отбасы коронавирус жұқтырды. Елдің ұлттық денсаулық сақтау институтының мәліметтері бойынша, эпидемия басталғаннан бері Словенияда тіркелген инфекциялардың жалпы саны 828 524-ке жетті. Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін 2 536 077 ПТР тесті және 14 189 573 жедел COVID-19 тесті жасалған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу