Австралияда телефонға алаңдаған жүргізушілер жазаланады

695

Ел билігі көлік тізгінінде отырып әлеуметтік желіні қолданатын жүргізушілерді фотоға түсіретін арнайы камералар орнатты. Технология әзірге елдің бір штатында сынақтан өткізіліп жатыр. Ережені бұзғандарға 230 доллар көлемінде айыппұл салынбақ. 

Австралияда телефонға алаңдаған жүргізушілер жазаланады

Австралияның жол қауіпсіздігі мамандарының айтуынша, соңғы кезде ел аумағында әлеуметтік желіге алаңдаған жүргізушілердің апатқа ұшырауы белең алған. Олардың айтуынша, жол үстінде смартфон қолданғандардың басқа көлікпен соқтығу не адамды қағып кету ықтималдылығы 4 есе арта артады екен. 

Бүгінгі күнге дейін үкімет 45 камера орнатқан. Алдағы уақытта олардың саны көбейеді, дейді жергілікті билік өкілдері. 
Тхнология екі камерамен жабдықталған. Оның біреуі көліктің нөмірін, екіншісі жүргізушінің өзін суретке түсіріп алады. Фотода смартфонның бар-жоқтығын жасанды интеллект анықтайды, содан кейін ол арнайы тексеріске жіберіледі. Егер де жүргізушінің кінәсі расталса, ол 230 доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу