Автобекетте ұйықтап жатқан азаматтың қалтасынан 2 млн теңге ұрланған

142

Күдіктінің бұл әрекеті бейнекамераға түсіп қалған.  

Автобекетте ұйықтап жатқан азаматтың қалтасынан 2 млн теңге ұрланған Фото: polisia.kz

Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ізін суытпай қалта ұрысын қолға түсірді.

Ол оңай келген олжаны өз мүддесіне жұмсап үлгерген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Анықталғандай, күдікті автобекеттің күту залында ұйқыда жатқан ер адамның күртешесінің қалтасынан 2 миллион теңгеге жуық ақшасы бар әмиянды ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлері ер адамның бұрын ұрлық қылмысымен сотты болғанын анықтады.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу