Автобус апаты: Зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр

1855

Апат салдарынан 7 адам зардап шекті.

Автобус апаты: Зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр Фото: Inbusiness.kz

Медицина қызметкерлері Алматыдағы автобус апатында зардап шеккендердің жағдайы жайлы айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жедел медициналық қызмет келгенше үш адам қайтыс болды.

"Үш ересек адамға жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, біреуіне  сол жақ жамбас сүйегінің сынығы диагнозы қойылып №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Төртінші зардап шеккен 15 жастағы бала сол табан сүйектерінің сынуы диагнозымен №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендерге психологиялық көмекті қосып, барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр", - делінген Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Айта кетсек, бүгін сағат 18:15-те Райымбек даңғылы бойында №47 автобус аялдамадағы адамдарды қағып өтті. Салдарынан үш адам көз жұмып, төртеуі жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу