Автобуста балағат сөз айтқан қостанайлық 10 тәулікке қамауға алынды

459

Тиісті шешімді Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты қабылдады. 

Автобуста балағат сөз айтқан қостанайлық 10 тәулікке қамауға алынды Фото: google

Қостанайда қоғамдық көлікте балағат сөз айтқан ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 19 мамыр күні Я. есімді азамат қоғамдық көлікте 2008 жылы туған Л.-ға балағат сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

"Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 22 мамырдағы қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК 434-бабының 1 бөлігімен  10 тәулікке қамаққа алу түріндегі жазаға тартылды", - делінген  сот шешімінде.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу